Тараздағы театр фестивалі халық батырын мадақтайтын жалпыхалықтық мереке болады - Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 20-сы. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздағы театр фестивалі халық батырын мадақтайтын жалпыхалықтық мереке болады. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаев ХҮІІІ республикалық театр фестиваліне қатысушыларға арнаған сөзінде осылай деді.
None
None

«Біздің аймақтың тұрғындары мен театр өнерін сүйетін қауымның атынан Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 65 жылдығы мен қазақстандық даңқты батыр, майдангер-жазушы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған театр фестивалінің қатысушыларына шын жүректен сәлем жолдаймыз», - делінген әкімнің сәлемхатында.

Аймақ басшысы атап өткендей, бұл фестивальдің екі мың жылдық тарихы бар Тараз қаласында өткізілуінің рухани және патриоттық мәні зор. «Егер экономика халықтың әл-ауқатын жақсартса, оның ұлдарының батырлығы елдің мәртебесін асырып, ұлы жетістіктерге бастайды», - деп атап өтті Қ.Бозымбаев.

Еліміздің театр тарландары осы фестивальға өздерінің қазақ, орыс, корей және неміс тіліндегі үздік қойылымдарын ұсынған. Қойылымдарға 250-ден астам актер атсалыспақ.

Соңғы жаңалықтар