Тараздағы жекеменшік бассейнде 8 жасар бала суға батып кетті

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Таразда кезекті қайғылы оқиға тіркелді. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.
None
None

«7 маусым күні сағат 10:55-те Тараз қаласындағы «Аквалайф» жекеменшік бассейнінде (ЖК Байқоразова) 8 жасар бала суға батып кетті. Баланың денесін құтқарушы алып шығып, полиция қызметкерлеріне тапсырды», - делінген хабарламада.

Жамбыл облыстық ТЖД 26 мамыр күні белгісіз жағдайда іс-з-түзсіз кеткен 67 жастағы ер адамды іздеу жұмыстары жалғастырылып жатқанын еске салды.

Байзақ ауданында облыстық ТЖД «ЖҚЖ» қызметкерлері Талас өзенінде суға батып кеткен 28 жастағы азаматтың денесін іздеу жұмыстары жалғастырылуда.

Қордай ауданында 3 маусым күні белгісіз жағдайда таудағы Қарақоңыз өзеніне батып кеткен 8 жасар баланың денесі табылмай жатыр.

Жыл басынан бері облыстағы су қоймаларында 15 адам суға батып кетті, соның алтауы - балалар. 

Соңғы жаңалықтар