13:01, 03 Шілде 2009 | GMT +5
Тараздан Шымкентке дейінгі жаңа автомагистраль жолды 100 шақырымға қысқартатын болады
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Шілденің 3-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Жамбыл облысының әкімі Бөрібай Жексембин жұмыс сапарымен Жуалы ауданында болды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жуалы ауданының әкімі Мейірбек Пірәлиевтің ақпараты бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы тарапынан мұнда Қызтоған-Шаян жолының 10,5 шақырымы салынуда. Осы жолдың салынып жатқан тармағы түйіскеннен кейін жаңа автомагистраль Тараздан Шымкентке дейінгі жолды 100 шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. Республикалық бюджеттен автомагистраль құрылысына 501,6 миллион теңге, облыстық бюджеттен - 10,2 миллион бөлінді, құрылысты «ТаразКөлікЖолы» ЖШС жүргізуде.
Б.Жексембин осы жолдың облыстағы үлкен жол құрылыс-жөндеу жұмыстарының басы екенін атай отырып орындалған құрылыстың қарқынына және жұмыстардың сапасына риза екенін білдірді.