Тараздық әскерилер «Химиялық қауіпсіздік - 2015» халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығуында айрықша көзге түсті (ФОТО)
22534 әскери бөлімінің 16 әскери қызметшісі қазіргі заманғы қару-жарақ пен радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс заттарының көрме ұйымына кірді. Олардың ішінде РАСТ-2kz есептеу-талдау стансасы, КСО санитарлық пысықтау кешені, радиациялық және химиялық барлау құрылғылары (МКС-У, МКС АТ-1117, ДКГ-21, АР4С, УПГК-ЛИМБ, Кестрел), сондай-ақ тері мен тыныс алу органдарын қорғау құралдары (ОМ-90, Саратога, Трелкем) бар. Ұйымдастырушылар жеке құрамның жоғарғы ептілігін атап өтті және қазіргі заманғы қару-жарақ мен РХБ қорғаныс заттарының үлгілерін тамашалады. Іс-шараның белсенді кезеңі барысында оқу-жаттығу апаттың химиялық барлау ошағы, бағалау және химиялық жағдайды болжау, химиялық уланған аймақтардан зақымданған персоналдарды санитарлық тазалау және көшіру жұмыстары ұйымдастырылды. Бұдан өзге апат ошақтарын имитациялау кезінде аэрозолды бүркемелері бар табельді құралдарын пайдаланды. Оқу-жаттығу кезінде бақылаушылар ретінде Техникалық хатшылықтың басшылық өкілдері ТХБӨ (Нидерланды) және Армения, Беларусь, Болгария, Грузия, Куба, Литва, Польша, Румыния, Въетнам, Таиланд және Украина елдерінен шетел бақылаушылары қатысты. 22534 әскери бөлімінің жеке құрамы өздеріне жүктелген міндетті ойдағыдай игеріп, орындағандығын атап өткен жөн. Оқу-жаттығудың басшылығы мен шетелдік қонақтар жағынан ескертулер болған жоқ. Оқу-жаттығуға Инвестициялар және даму, Сыртқы істер, Қорғаныс министрліктері және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті тартылды.