Тараздық балалар үйінің тәрбиеленушілеріне «Нұр Отан» партиясы атынан сыйлықтар тапсырды

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараз қаласында Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйінде, бүгін, маусымның 1-і күні «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы атынан сыйлық тапсыру салтанаты болды.
None
None

Елбасының тапсырмасымен Жамбыл облысында сапарда жүрген «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин алғашқы танысу нысаны ретінде Сарымолдаев атындағы балалар үйін таңдады.

Сыйлық тапсыра отырып, Н.Нығматулин Балаларды қорғау күнінде ел аймақтарындағы әр балалар үйінің тәрбиленушілері нұротандықтардың назарында болатындығын атап өтті. Осы күні «Нұр Отан» партиясы Балаларды қорғау күніне орай Қазақстан бойынша кең ауқымды акция өткізді.

Балалар үйінің директоры Гүлбаршын Төлегенованың айтуынша, Қ.Сарымолдаев атындағы №1 балалар үйінде 170 бала тәрбиеленеді. Олардың тәрбиеленуі, білім алып, жан-жақты дамуы үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер, спорт, көркем-эстетикалық, еңбекке баулу, лингвистика бойынша 16 үйірмелер бар. Тәрбиленушілерге әлеуметтік қолдау көрсету, баспанамен қамтамасыз ету, материалдық көмек беруге баса көңіл бөлінеді.

«Біздің балалар үйінің түлектері қоғамға сәтті қадам басып, кәсіби мектептер, лицейлер, колледждер мен жоғары оқу орындарына түсуде», - деп атап өтті Г.Төлегенова.

Соңғы жаңалықтар