09:24, 13 Наурыз 2013 | GMT +5
Тараздық полицейлер азаматтарға азаптау әдістерін қолданғаны үшін тұтқындалды
ТАРАЗ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Тараз қалалық ІІБ 2-полиция бөлімінің қызметкерлері азаматтарға қатысты азаптау әдістерін қолданғаны үшін қамауға алынды, деп хабарлады Жамбыл облыстық прокуратурасынан.

«Жамбыл облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасы қылмыстық істі тергеу аясында 10 наурыз күні Тараз қалалық ІІБ 2-полиция бөлімінің қызметкерлерін екі азаматқа қатысты күш қолданғаны үшін уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп хабарлады Жамбыл облыстық прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының бастығы, әділет кеңесшісі Жеңіс Батыров.
Криминалдық полиция бөлімшесі бастығының міндетін атқарушыға және жедел уәкілге ҚК-тің 141-1-бабының 2-бөлімімен (азаптау әдістерін қолдану) және 354-бабының 2-бөлімімен (жалған түсініктемелер беруге мәжбүрлеу) айыптар тағылуда.