Тараздық тұтынушылар жылу үшін 27 млн. теңге қарыз

ТАРАЗ. 11 мамыр. ҚазАқпарат - Тараздық тұтынушылар жылу үшін 27 млн. теңге қарыз болды, деп хабарлады «Тараздық энергия орталығы» ЖШС.
None
None

2 сәуір күні Таразда жылу беру маусымы аяқталды, және сол кезде облыс орталығында жылумен жабдықтау және ыстық суға берешектері бар 43 үй болған. «Қазіргі кезде 41 үйдің қарызы бар», - деп түсіндірді «Тараздық энергия орталығы» ЖШС директорының орынбасары Әбутәліп Серікбаев.

Оның айтуынша, бұл үйлердегі тұрғындардың 30 пайызының 27 млн. теңге қарызы бар. «Яғни әрбір үшінші тұрғын жылумен жабдықтау және ыстық су үшін төлемеуде. Бұл ретте 20 мың теңге көлеміндегі қарыздар жалпы алғанда 21 миллион теңгені құрайды», - деп нақтылады серіктестік директорының орынбасары.

Осылайша, Жамбыл даңғылындағы №119 үйдің 166 мың теңге қарызы бар, оның 144 мыңын бес абонент бермеген.

23 сәуірден бастап борышкер үйлердің тұрғындарынан басқа Тараз тұрғындарына ыстық су беру іске қосылды.

«Қарызгерлерді мекен-жайлары бойынша ыстық судан ажыратудамыз. Суды қарыздарын өтеген кезде ғана қосатын боламыз», - деп түсіндірді тараздық энергия орталығынан.

Соңғы жаңалықтар