16:26, 04 Наурыз 2009 | GMT +5
Тараздық «Жасыл ел» жаңа еңбек маусымын ашты
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ – «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының жауынгерлері Таразда биылғы жылы алғашқы екпе ағаштарды отырғызды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Жасыл ел» ұлттық бастамасы қызметінің бес жылдығына арналып облыс орталығында болып өткен конференцияда Тараз қалалық мәслихатының депутаттары, жастар ұйымдарының көшбасшылары, жұмыс берушілер жастар қозғалысының проблемаларын, сондай-ақ алдағы маусымның жоспарларын талқылады.Қалалық мәслихаттың депутаты Асан Қошмамбетов екпе ағаштардың көшеттерін бақылауға және одан әрі күтуді қолға алуды ұсынды.«Жасыл ел» облыстық штабы «Жасыл ел» қалалық көгалдандыру бағдарламасын бекітуді ұсынды, ондағы жаңалық ? балалар үйлерінің жасы кәмелетке толмаған тәрбиеленушілерін жасаққа қабылдау көзделген. Олардың арасында туған қаласын көгалдандыруда еңбек етуге құлшыныс танытқандар көптеп саналады.