Тараздың орталығында киіз үй қалашығы бой көтерді (ФОТО)

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында Наурыз мерекесі күндеріне әртүрлі концерттер, спектакльдер, конкурстар, бұқаралық театрландырылған қойылымдар бағдарламасы әзірленді.
None
None

Бүгін Тараздың орталығында 25 киіз үй қалашығы орнатылды, онда қонақтарға дәстүрлі наурыз-көже, бай дастарқанда әртүрлі ұлттық тағамдар ұсынылды. Мерекелік бағдарламаларға «Көне Тараз» фольклорлық ансамблі мен «Жібек жолы» халықтық оркестрі және басқа да өнер ұжымдары қатысты. Жамбыл драма театрының актерлері қатысуымен театрландырылған қойылымдар, айтыстар, конкурстар, ұлттық ойындар өтуде.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының «Ұстаз» спорт клубы ауыр атлетикадан, армрестлингіден, тоғызқұрмалақтан және шахматтан жарыстар өткізді.

«Көктемгі күн мен түннің теңесуіне арналған шаралардың жас ұрпақты тәрбиелеуде маңызы зор, оларда шынайы құндылықтар насихатталуда, - деді ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков. - Мереке қарсаңында қарт адамдарға көмек көрсету акциясы өтті. Кәсіпорындар өздерінің ардагерлерін құттықтады, оларға азық-түлік себеттерін әзірледі, қартайған адамдардың үйлерінде және балалар үйлерінде болды. Ал 18 наурызда барлық елді мекендерде экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Ал 19 наурызда Бірлік пен келісім күнін өткіздік - Наурыз қашан да ренішті кешіріп, ізгілікке үндейтін мереке болып келеді. Ал Төле би орталық даңғылында киіз үйлер мен алтыбақан орнатылды. Бүгінгі «Достық» алаңындағы мерекелік шаралар кешке отшашумен аяқталады».

Б.Орынбековтің айтуынша, таяудағы күндерде достық фестивальдары индеяларын насихаттауға бағытталған мерекелік концерттер жалғасады. «Біз бұл шараларға этномәдени бірлестіктер мен біздің өңірде тұратын әр ұлыс өкілі белсене қатысады деп ойлаймыз», - деді әкімнің орынбасары.

Музыкалық және би ансамбльдерінің қатысуымен концерттік бағдарламалар, спорт жарыстары, жаппай халық серуені бүгін облыс орталығының барлық округтерінде және Жамбыл облысының елді мекендерінде өтіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар