Тараздың тәртіп сақшылары темір тордың арғы жағына наша салынған 20 пакетті лақтырмақ болған қала тұрғынын қолға түсірді

ТАРАЗ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - Тараз қаласы ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері 158-4 (жалпы режімдегі колония) тар табанды темір жол шетінен колонияның ішкі жағына наша салынған 20 пакетті лақтырмақ болған қала тұрғынын ұстады.
None
None

Бұл туралы Жамбыл облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қолға түскен 20 жастағы адамнан 2,5 келіден астам есірткі тәркіленді.

2011 жылдың басынан бері есірткі қылмысына қарсы күрес желісі бойынша тәртіп сақшылары - 46, соның ішінде есірткі сатуға қатысты 17 қылмысты анықтаған.

Соңғы жаңалықтар