Тараздың төрт тұрғынынан 29 келі кептірілмеген марихуана тәркіленді

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Көлік полицейлері Тараздың төрт тұрғынынан 29 келі кептірілмеген марихуана тәркіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
None
Фото: polisia.kz

Көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері 26 шілдеде «Қарасора-2023» жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында, қызметтік-іздестіру итімен Түрксіб станциясының өткелінде «Мазда» автокөлігін тоқтатты. Көлікте 39 жастағы көлік жүргізушісі және Тараз қаласының 3 тұрғыны болды. Тексеру кезінде автокөліктің жүксалғышынан ерекше иісі бар өсімдік тектес зат табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 29 келі 140 грамм, яғни аса ірі көлемдегі кептірілмеген марихуана болып шықты.

ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі уақытта сот ұсталғандарға қатысты 2 ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Іс бойынша өзге де мәліметтер ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, тергеу мүддесіне орай жария етілуге жатпайды.


Соңғы жаңалықтар