Тараздың Тұрар Рысқұлов атындағы саябағында «Бауырсақ күні» аталып өтті

АРАЗ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - Тараздың Тұрар Рысқұлов атындағы саябағында «Бауырсақ күні» аталып өтті.
None
None

Тараз әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбаһрам Дүйсекованың таратқан ақпараты бойынша, «Бірлігіміз жарасқан!» акциясы аясында өткізілген іс-шараны ұйымдастыруға қала басшысы мұрындық болды.

Тұрмысы төмен отбасылардан және жетім балалардан құралған 120 адамдық топқа ұлттық дастарқанның бас тағамы - бауырсақтың дайындалу және пісірілу әдісі көрсетілді. Бұл бағыттағы өз өнерлерін қаланың дәмханалары мен мейрамханаларының аспазшылары көрсетті. Сонымен қатар, концерттік бағдарламада басты кейіпкер де бауырсақ болды, ал концерт соңында балаларға жаңа пісірілген ыстық бауырсақтар таратылды.

Соңғы жаңалықтар