Тарбағатайда еден жуушы оқушының ұялы телефонын ұрлады - ШҚО

ӨСКЕМЕН. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Тарбағатай ауданындағы ауылдардың бірінде мектептің еден жуушысы оқушы қыздың ұялы телефонын ұрлады.
None
None

Оқушының 47 жастағы анасы ұрлық туралы полицияға хабарлады. Тәртіп сақшылары ұрыны анықтады - ол мектепте еден жуушы болып жұмыс істейтін 54 жастағы Р. есімді азаматша болып шықты.

Осыған ұқсас оқиға Зайсанда да болды - онда сегізінші сынып оқушысы денешынықтыру сабағында киім ауыстыратын бөлмеде сыныптасының ұялы телефонын ұрлады.

Екі факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар