22:42, 09 Наурыз 2024 | GMT +5
Тарбағатайда қар күрт еріп, республикалық жолды су басты
СЕМЕЙ. KAZINFORM — Абай облысында су тасқыны қаупі бар ма? ҚазАвтоЖол осыған байланысты мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, бүгін сағат 20:00 шамасында күн жылынып, Тарбағатай тауындағы қар күрт ери бастаған.
Осыған байланысты «Таскескен-Бақты» (ҚХР шекарасы) республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында еріген қызыл су жиналғаны байқалады.
Жиналу ұзындығы — 2 шақырым.
Учаскеде 7 темір-бетон құбыры және бір көпір бар.
«Автожолға тәулік бойы бақылау жүргізіліп, 10 адам, 4 техника жұмылдырылды. ҚазАвтоЖол жолшылары учаскені 100 қап құммен қоршап қойды» дейді компаниядан.
Автожолда қозғалысқа шектеу жоқ.