Тәрбиешілердің орташа айлығы 250-270 мың теңге – Оқу-ағарту министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – Оқу-ағарту министрлігі Мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манара Адамова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында тәрбиешілердің орташа айлығы қанша екенін айтты. 

жалақы
Фото: freepik.com

«Педагогтің орташа еңбекақысы еңбек өтіліне, санатына байланысты. 5 жыл өтілі бар, «модератор» санаты бар тәрбиешінің орташа айлығы 250-270 мың теңге болады», - деді ол.

Маманның сөзінше қазір Астана, Алматы сияқты мегаполистерде тәрбиеші тапшы.

«Сондай-ақ, Қарағанды, Қызылорда, Атырау облыстарында тәрбиеші жетпейді. Бұл өңірлерде балабақша кезегі де жоғары. Әрине, қазір педагогтер тапшылығы бар. Дей тұрғанмен, кейінгі екі жылда маман тапшылығы екі есе азайды. Екі жыл бұрын педагог тапшылығы 13 мың болса, қазір 7 мың маман керек», - деді департамент директоры.

Соңғы жаңалықтар