14:36, 05 Тамыз 2025 | GMT +5
Тарифтер біртіндеп өзгереді - Алматы әуежайының президенті
АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы халықаралық әуежайын басқарушы TAV Airports компаниясы әуе айлағын 2050 жылға дейін дамытудың бас жоспарын таныстырды.

Іс-шара барысында БАҚ өкілдерінің сұрағына жауап берген Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе тарифтерге қатысты пікір білдірді.
- Біздің әуежайдың тарифтері төмен. Салыстырмалы түрде аймақтық және жаһандық стандарттар бойынша да төмен болып тұр. Әуежайды басқарушы компаниялар үшін бұл қиындық тудырады. Сондықтан уақыт өте келе, Қазақстан үкіметімен ақылдаса отырып, тарифтері көтере бастаймыз. Дәл қазір қанша көтерілетінін айта алмаймыз, бірақ көтерілетіні анық, - деді ол.
Еске салайық, 1 тамыздан бастап елімізде электр энергиясы тарифі өзгерді.