Тарифтерді негізсіз көтеруге жол бермеу жөніндегі шаралар қаралуда

ТАЛДЫҚОРҒАН. Ақпанның 23-і. ҚазАқпарат /Сандуғаш Дүйсенова/ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде кеңес өтіп,
None
None
онда белгілі бір тауарлы нарықта басыңқы қызмет атқаратын табиғи монополиялар субъектілерінің қызметтеріне тарифтерді негізсіз көтеруге жол бермеу бағытындағы шаралар қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Департамент директоры Байсейіт Түймебаев табиғи монополиялардың субъектілері мен доминаттарға өз қызметтерінің тарифтерін негізсіз көтермеуге және заңдар мен ережелерді қатаң ұстануға кеңес берді. Заң бұзылған жағдайда, департамент Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекске сәйкес субъект басшылығына шара қолдануға құқылы. Кеңесте сондай-ақ «Табиғи монополиялар және реттелетін рыноктар туралы» және «Электр энергетикасы туралы» Заңдарға енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға да түсіндірмелер берілді.
Соңғы жаңалықтар