Тарихи-мәдени мұраны қорғау қызметі мемлекеттік қорық-музейлерге жүктеледі

Құжатта «Кинематография туралы» және «Мәдениет туралы» заңдарға түзетулер енгізу қарастырылған.
«Мемлекеттің ішінде және оның аумағынан тыс жерде мемлекет есебінен өткізілетін мәдени іс-шараларды ұйымдастыру және қаржыландырудың жаңа қағидалары мен тәсілдері бекітіледі. Екіншіден, тарихи-мәдени мұраны қорғау қызметі мемлекеттік қорық-музейлерге жүктеледі. Бүгінде елімізде 12 республикалық және 3 коммуналдық қорық-музей жұмыс істейді. Олардың иелігінде 500-ден астам тарихи-мәдени мұра объектісі бар. Қолданыстағы заңнамада оларды қорғау қызметі анықталмаған. Біздің түзету осы олқылықты жояды», - деді Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев.
Оның айтуынша, мемлекеттік қаржылық қолдау алу үшін кинематографиялық қызмет субъектілерінің кеңейтілген. Енді қаржыландыруды тек ЖШС немесе қоғамдық қорлар ғана емес, жеке кәсіпкерлер де алатын болады.
«Түзетудің мақсаты – өз ісін жаңа бастаған режиссерлерді, дебюттік және фестивальдік жұмыстарды қолдау», - деді министр.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Мемлекеттік ұлттық киноны қолдау орталығы 62 жобаны іске асырды.
Видеодан алын ғ ан кадр