ТарМУ ғалымдары сайсағыз өсімдігінен түрлі өнімдер шығарып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мойынқұм даласында сексеуілмен бірге өсетін сайсағызы өсімдігінен Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары косметология және фармацевтика саласында қолдануға болатын әр түрлі өнімдер жасап шығаруда.
None
None

Бұл жөнінде аталмыш университет ректоры Мұхаметғали Сарыбеков бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Оның сөзіне қарағанда, бұл өсімдіктің ресми ғылыми атауы цистанхе. Ғалымдар арасында бұл өсімдік бейнелі түрде «қазақстандық адамшөп» деп те аталады.

«Жылына тек бір рет, яғни 10 сәуір мен 30 сәуір аралығында ғана осы сайсағызының тамырын қазып алуға болады. Оны кейін жақсылап кептіріп, одан арнай ы ұнтақтар жасайды. Бұл ұнтақтардан сонымен қатар жуғыш заттар: сусабындар, сабындар, фито-шайлар, асқа қолданатын дәмдеуіштер дайындалады. Біздің университеттің ғалымдары Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ғалымдарымен бірлесіп осы бағытта жемісті еңбек етіп жатыр», - деді өз сөзінде Мұхаметғали Сарыбеков

Айта кетейік, бүгінде Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары ғылыми жобалар бойынша жылына орта есеппен 35-40 патентке қол жеткізеді екен.

Соңғы жаңалықтар