Тәртіп сақшылары арнайы шара кезінде киік атып, мемлекетке 1,1 миллион теңге шығын келтірген азаматтарды ұстады

Одан келген шығын 1,1 миллион теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық бифингте Ішкі істер министрлігі Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов мәлім етті.
Оның сөзіне қарағанда, аталмыш әрекеттер бойынша 3 қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ киіктерді заңсыз түрде аулап жүрген 5 азамат ұсталып, олардың көліктерін тінту кезінде 5 атып алынған киіктің денелері мен 8 келі ет, 1 тері мен мүйізі бар екі бас және 8 дана кесіп алынған киік мүйіздері табылды. Сондай-ақ олардан 3 аңшы мылтығы мен 224 патрон мен пышақ табылды. «Бұған қоса жедел-сауықтыру шарасында 45 аң аулау мен атыс және аңшы қаруларын сақтау тәртібін бұзу әрекеттері анықталған. Олар бойынша 58 адам әкімшілік жауапқа тартылды»,-деді департамент бастығы.
Оның сөзінше, «Киік» операциясы 26 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында жүргізілген.