Тәртіп сақшылары нағыз мергенді анықтады

Спасск полигонында оқ қаруын атудан ең маңызды іс шара болып өтті. Бірнеше топтан құралған тәртіп сақшылары оқ атудан өздерінің кәсіби шеберліктерін шыңдады. ПМ және АК оқ қаруын атудан өткен жарысқа облыстың барлық ішкі істер органдарынан бас аяғы 27 команда қатысты. Олар өз кезегінде тәртіп сақшыларының арасынан құралайды көзге атқан ең мықты деген үштікті таңдады.
«Бүгін біз облыс көлемінде ПМ және АК оқ қаруларын атудан полиция қызметкерлерінің арасында жарыс ұйымдастырып жатырмыз. Шараның мақсаты құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін шыңдауына зор ықпалын тигізері сөзсіз»,-деді облыстық ІІД Кадр жұмысы бастығының орынбасары Қанат Қалиев.
Қанат Қинаятұлының сөзіне қарағанда, жылдан жылға тәртіп сақшыларының арасында оқ қаруын атуды жетік меңгергендердің саны артып келе жатқаны белгілі. Сондықтан да осындай оқу-жаттығулар өткізуі арқылы, қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайтын полиция қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін арттыруға болары сөзсіз. Шара барысында ПМ қаруынан оқ ату барысында алдына жан салмай нысананы дөп көздеп бірінші орынды иеленген Ішкі істер департаментінен Асқар Жетпісов, екінші орын Бұқар Жырау ауданынан Ерхан Жанпейісовтер жеңіп алса, үшінші орынды Теміртау қалалық Ішкі істер басқармасының қызметкері Сергей Летов қанағат тұтты. Ал әйелдер арасынан ең үздік нысананы дәлдеген облыстық ішкі істер департаментінен құралған команданың қатысушысы Юлия Шведкова, екінші Михайлов полиция бөлімінен Динара Дүйсенбекова, ал үшінші орынды абай ауданының ішкі істер бөлімінен Татьяна Акимовалар өзара бөлісті. Сондай ақ АК қаруынан оқ ату бойынша өткен сайыс барысында бірінші, екінші және үшінші орындарды Октябрь полиция бөлімінен Марат Жақыпов, мамандандырылған күзет қызметінің қызметкері сондай ақ Шет ауданының ішкі істер бөлімінен Саят Әуесбаевтар өзара бөлісті. Жалпы командалық есептерге келер болсақ 1-орын ІІД-нің командасы, 2- Теміртау қалалық ІІБ, ал 3-орында Михайлов полиция бөлімінің қызметкерлері мәреден көрінді.
Айта кету керек, бұл жолы оқ қаруын атудан өткен жарысқа қатысушылардың арасындағы жеңімпаздар былтырғы жылы оқ қаруын атудан өткен республикалық жарыста Қарағанды облысының намысын қорғаған болатын. Ал биылғы жылы дәстүрлі түрде өткізілетін бұл сайыс түрі белгілі бір себептермен өткізілмей қалып отыр. Сондықтан да облыс көлемінде ғана өткізілген шараның қорытындысы бойынша барлық қатысушылар мақтау қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапатталды.