16:08, 02 Қазан 2016 | GMT +5
Тәртіп сақшылары «Парасатты полицей» байқауында бақ сынады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодарда тәртіп сақшылары арасында өткен «Парасатты полицей» байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды 24.kz.

Шараға еліміздің әр өңірінен қазақ тілін жетік білетін 100-ден астам полиция қызметкері қатысты. Олар қызметтік құжаттарды мемлекеттік тілде рәсімдеп, кәсіби терминдерді қолданудағы сауаттылықтарын сынады. Қатысушылардың шығармашылық деңгейі де ескерілді.
Қазылар алқасы 20 команданың ішінен үздіктерін таңдады. Үшінші орынды Ақтөбе, Тараз, Оңтүстік Қазақстан облысынан барған командалар өзара бөлісті. Ал екінші орын Қарағанды мен Солтүстік Қазақстан облысына бұйырды. Ақмола облысының «Көкше сақшылары» командасы үздік атанып, бірінші орынды иеленді. Павлодар облысы көшпелі байқаудың символын Солтүстік Қазақстан облысының командасына табыс етті.