Тәртіптік Кеңес Алматыдағы монополияға қарсы инспекция қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің басшысы - Тәртіптік Кеңес төрағасы Бахтияр Қамаловтың төрағалығымен 2013 жылдың 14 қарашасында Тәртіптік Кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы аталған агенттіктен хабарланды.
None
None
Отырыста мемлекеттік қызмет заңнамасын сақтау мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасын сақтау сұрақтары бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (монополияға қарсы Агенттік) Алматы қаласының монополияға қарсы инспекциясының жұмысы қарастырылды. Инспекция қызметіне жүргізілген тексеру нәтижелері бойынша түрлі заң бұзушылықтар анықталды. Мемлекеттік қызметті өту тәртібі туралы Ережені бұзып, Инспекция бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдар туралы ақпаратты бос лауазымдар пайда болған күннен бастап үш жұмыс күнінің ішінде өзінің интернет-ресурсына орналастырмаған. Заң бұзушылықтар тәртіптік жазалар қолдану кезінде де орын алған, осылайша заңмен орнатылған мемлекеттік қызметшілердің құқықтары бұзылған. Сонымен қатар, Инспекцияның қызметінде ҚР «Бәсекелестік туралы» Заңының талаптарын орындауда заңдылықты бұзу фактілері де бар. Алматы қаласының прокуратурасы инспекцияның мемлекеттік реестрге негізсіз қосу және одан нарық субъектілерін негізсіз алып тастау фактілерін анықтады. Атап айтқанда, әкімшілік материалдарда көрсетілгендей, инспекция құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тек қана заңды тұлғаларды тартады, осылайша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 28-бабының 2-тармағының талаптары бұзылған, онда жеке және заңды тұлғаның бірдей жауапкершілігі қарастырылған. Оған қоса, заңды тұлғаларды әкімшілік жазаға заңсыз тарту фактілері анықталған. Қарастыру нәтижесі бойынша Тәртіптік Кеңес, Инспекция басшысы А.А. Қамшымбаевқа ескертулер заң бұзушылықтарды жою бойынша әрекеттер жасау және Инспекцияның қызметшілерін тәртіптік жауапкершілікке тартуды ұсынды.
Соңғы жаңалықтар