08:26, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Тарту етілген компьютерлер мүгедек балалардың мүмкіндіктерін кеңейтеді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Мүмкіндіктері шектеулі алты бала Шарбақты ауданының әкімі Сапаргелді Смағұловтың қолынан портативті компьютерлер алды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үй жағдайында білім алатын 19 мүгедек баланың 10-ы бүгінде ноутбуктармен қамтамасыз етілген. Солардың көмегімен балалар виртуалды кітапханаларға кіріп, өздеріне керекті мәліметтерді алады, оқу пәндерін игереді. Шарбақты ауданында сырқаттарының салдарынан мектепке бара алмай отырған барлық балаға бюджет есебінен компьютер жабдықтарын сатып алу жоспарланып отыр.