Tartyl Fest: Өскемен қаласының әкімі турникке тартылды

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде Tartyl Fest республикалық фестивалінде қала әкімі Жақсылық Омар турникке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгін Tartyl Fest республикалық фестивалі Өскеменде өтіп жатыр.

Бұл - аталмыш фестивальді қабылдап отырған 18-ші қала. Шараның мақсаты – бұқаралық спортты дамыту және жастарды салауатты өмірге баулу.

Жалпы шаһар бойынша ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отырған фестивальге қатысуға 250-ге жуық адам ниет танытты.

Шара барысында Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар да бақ сынап көрді. Әкім турникке 15 мәрте тартылды.

Жасы 50-ден асқан Аманжан Мейімханов Tartyl Fest-те өнер көрсету үшін Катонқарағай ауданынан арнайы келген.

«Ес білгелі спортпен айналысып келемін. Күн сайын таңертең ерте тұрып, жүгіремін. Үстел теннисін ойнаған ұнайды. Осындай шаралар жиі ұйымдастырылып отырса деймін. Фестивальдің талаптары оңай емес екен. 26 рет тартыла алдым», - деді ол агенттік тілшісіне.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Өскеменде Tartyl Fest республикалық турникке тартылу фестивалі басталғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар