Тас дәуірінен Қазақстанның қазіргі кезеңге дейінгі тарихын баяндайтын 5 томдық жарық көрді

АЛМАТЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Тас дәуірінен Қазақстанның қазіргі кезеңге дейінгі тарихын баяндайтын 5 томдық жарық көрді.
None
None

Осыған орай бүгін Алматыда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты «Қазақстан тарихы» бес томдық академиялық басылымының 4 және 5 томдарының аяқталуына орай, «Қазақстан тарихы: тәуелсіздік пен жасампаздықтың 20 жылдығы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізді.

Аталған институттың директоры, профессор Саттар Мажитов 5 томдық еліміз Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында төл тарихымызды тәмамдап, оқырман қауымға ұсынылып отырылғандығын жеткізді.

«Оқулықта Қазақстанның тас дәуірден қазіргі кезеңге дейінгі тарихы кеңінен қамтылды. Оның алғашқы 3 томдығы 1997 жылдардан бері жарық көре бастаған еді. Ол үш томдықта ХХ ғасырдың 20-шы жылдарына дейінгі кезең баяндалады. Ал соңғы 4-5 томды жазу қиынға түсті. Өйткені онда қазіргі тарих жазылған, ал қазіргі тарихты жазу анағұрлым қиынға түсетіні белгілі», - дейді ол.

Сонымен қатар ол бұл еңбекке тек тарихшылар ғана емес мәдениеттану, саясаттану сияқты салалардың өкілдері мен мемлекет қайраткерлері атсалысқандығын атап өтті.

"Бұл тарихшылар мен Қазақстан қоғамтанушы ғалымдарының ұзақ мерзімнен бергі еңбектерінің нәтижесі. Себебі, Кеңес үкіметінің құлдырап, демократиялық күштердің қысымымен қоғамдық пікірлер өзгеріп, тарихта өзіміздің ақтаңдақтарымызды қалпына келтіру сиқты жұмыстардың қорытындылары осы 5-ші томда көрініс тапты. Негізінен 4-5 томда Тәуелсіздік идеясы кеңінен көтерілді",- дейді Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Қайдар Алдажұматов.

Тұсауы кесілген еңбек қазақ және орыс тілдерінде "Атамұра" корпорациясынан 10 мың данамен шыққан.

Соңғы жаңалықтар