Ташкент әуежайында Каримовпен қоштасу рәсімі өткізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент әуежайында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовпен қоштасу рәсімі өткізілді. Бұл туралы видеоны Uzreport TV телеарнасы Фейсбуктегі парақшасыныда жария етті.

Ташкент әуежайында Каримовпен қоштасу рәсімі өткізілді

«Ташкент әуежайында Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовпен қоштасу рәсімі өткізілді. Қаралы рәсімнің қалған бөлігі И.Каримовтың туған қаласы Самарқандта өткізіледі», делінген хабарламада.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның тұңғыш президентінің денесі ұшақ арқылы Ташкенттен Самарқандқа аттандырылды. 

Еске сала кетсек,  ел билігі Өзбекстан басшысының қайтыс болғанын ресми кеше хабарлаған еді. Ислам Каримовты бүгін Самарқанд қаласына жерлейді.