18:43, 02 Қыркүйек 2009 | GMT +5
Ташкентте қазақ мәдени орталығы ұйымдастырған салтанатты концерт өтті
КЕНТ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Сәрсенбі күні Ташкенттегі Бабыр атындағы саябақта қазақ мәдени орталығы Өзбекстанның Тәуелсіздік күніне және Ташкенттің 2200 жылдығына арналған мерекелік концерт өткізді.
Мәдени орталық қонақтарға концерттік бағдарлама мен ұлттық әшекейлердің көрмесін ұйымдастырды және қонақтарға қымыз бен шұбаттан дәм ұсынды. Сондай-ақ, концертке арнайы шақырылған өзбек эстрадасының жұлдыздары ән шырқады.
Қазақ мәдени орталығы ұйымдастырған бұл концертті Өзбекстан Президентінің кеңесшісі Мұзаффар Ахмеджанов, вице-премьер Фарида Акбарова, Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы істерінің уақытша сенімді өкілі Уәлихан Төреханов келіп тамашалады.