12:27, 10 Мамыр 2009 | GMT +5
Ташкентте қазақстандық дипломаттар Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты
ТАШКЕНТ. Мамырдың 10-ы. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - «Жеңіс күні жылына бір рет қана болуы керек және ол тек мамырдың 9-ы күні атап өтілуі керек», дейді соғыс ардагерлері бұл күндері жастарға арнаған сөздерінде.

Жеңіс күні біздің ортақ тарихымыздағы ең атаулы және ең маңызды мереке болып қала береді, дейді олар. Ташкентте тіркелген 24 елдің дипломатиялық корпусының өкілдері кеше, мамырдың 9-ында «Мустакиллик» алаңындағы Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты. Осынау рәсімге Қазақстанның Өзбекстандағы Елшілігінің де қызметкерлері атсалысты. Одан кейін дипломатиялық корпус өкілдері Волгоград мемориалдық кешенінде болып, ол жерге де гүл шоқтарын қойды. ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағандай, Өзбекстанда 13 мыңға жуық соғыс ардагері, 85 мың тыл ардагері, сондай-ақ қаза болған жауынгерлердің 10 мыңдай отбасы тұрады.