Ташкентте жалған доллар сатқандар ұсталды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстанда жалған доллар сатқандар ұсталды. Бұл операцияны аталған елдің Бас прокуратурасы жанындағы департаменттің Янгихаёт аудандық бөлімі және ІІБ бірлесіп өткізген, деп хабарлайды Kazinform өзбекстанның ұйымға сілтеме жасап. 

өзбекстан
Фото: t.me/Department_uz

Операция кезінде М.А., И.А. есімді азаматтар және Б.З. есімді адамға 100 долларлық купюрадағы 9 000 жалған АҚШ долларын 5 000 АҚШ долларына сатқан кезде ұсталған. Олардан айғақ ретінде жалған купюралар алынды.

Осы жағдайға байланысты Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 176-бабы (Жалған ақшаны, акциздік маркаларды немесе бағалы қағаздарды жасау және өткізу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске салсақ, Қазақстан мен Өзбекстан шекарасынан жеке куәлікпен өту тәртібі енгізілмек.

 

Соңғы жаңалықтар