13:31, 06 Маусым 2014 | GMT +5
Тасқала ауданында тағы бір адам суға кетті - БҚО
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Кеше Тасқала ауданы Мерей ауылдық округіне қарасты Аққайнар елді мекенінде қайғылы оқиға орын алды.
Аудандық ішкі істер бөлімінің жедел кезекшісі Нұржан Мағзомовтың айтуынша, 1987 жылғы Руслан Рахматуллин сағат 11.30-да ауыл жанындағы кішкентай бөгетке түсіп, аяқ-қолы құрысып қалғандықтан, судан шықпай қалған. Жағадан киімдерін тауып алған тұрғындар тиісті орындарға хабар берген. Сол күні Орал қаласынан суда құтқару қызметінің мамандары (4 адам, 1 техника) келіп, марқұмның денесін судан шығарды.
Айта кетейік, осымен биыл Тасқала ауданында үшінші, облыста сегізінші адам суға кетіп отыр.