12:37, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
Тасқалада «Ауған асуында от кешкендер» атты патриоттық тәрбие апталығы өткізілді
ОРАЛ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Тасқала ауданында «Ауған асуында от кешкендер» атты патриоттық тәрбие апталығы өткізілді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігі, «Жас туристер» стансысының ұйымдастыруымен болған шара шаңғы жорығымен басталды. Апталық аясында мектептерде ауған ардагерлерімен, әскерге шақырылатын жастармен кездесу кештері, мұражайларда ерлік сабақтары, кітапханаларда әскери-патриоттық тақырыптағы кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Шара аудандық мәдени-демалыс орталығында мерекелік концертпен қорытындыланды. Кешке арнайы келген облыстық ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамының төрағасы Нұрлан Мұхамбетқалиев ауған жерінде от кешкен тасқалалықтарға «Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 20 жыл» медалін табыс етті.