Тасқын өтемақысымен байланысты алаяқтық схема пайда болды

алаяқтық
Фото: polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев тасқын өтемақысымен байланысты алаяқтық схема пайда болғанын мәлім етті.

«Ішкі істер министрлігі интернет-алаяқтардың жаңа схемалары пайда болғанын ескертеді. Өтемақы төлеуді күткен адамдарға алаяқтар белгілі бір мемлекеттік органның атынан қоңырау шалып, тасқыннан зардап шеккендердің тізімінде тұрғанын растау үшін SMS-тен код жазып жіберуін ұсынуы мүмкін.

Шындығында, осы кодтың арқасында алаяқтар жәбірленушінің атына көп мөлшердегі несие рәсімдей алады», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде.

Сондай-ақ, ол мұндай схемалардың құрбаны болмау үшін не істеу керектігін де айтты.

«Мынаны білу маңызды, мемлекеттік органдар мен банктердің қызметкерлері ешқашан телефон арқылы құпия деректерді беруді талап етпейді.
Зардап шеккендерге өтемақы төлеу мәселелері тек ресми түрде шешіледі: жеке барып немесе ресми веб-ресурстарды пайдалану арқылы ғана рәсімделеді. Sms-ке келетін кодтарды ешкімге хабарлауға болмайды.
Күмәнді сілтемелерге өтуге болмайды. Телефоныңызға қауіпті вирустар өтіп кетсе, бұл алаяқтарға телефон иесінің атынан банкт операцияларын жасауға мүмкіндік береді», - деді Шыңғыс Әлекешев.

Соңғы жаңалықтар