Тасқын су басқан Құлсарыдан 10 тоннадан астам қоқыс шығарылды

Қоқыс
Фото: Алина Тулеубаева / Kazinform

АТЫРАУ. KAZINFORM – «Жылыой Тазалық» ЖШС-нің учаске басшысы Асқар Теміржанның мәліметінше, қоқысты жинау, шығару жұмысына 38 қызметкер 17 арнайы техника, 5 жүк тиегіш бөлінген. 

«Біздің міндетіміз – үйлер мен аулаларды қоқыстардан тез арада тазарту. Осылайша тұрғындардың жөндеу жұмыстарын жүргізіп, үйлерін ретке келтіре алуына жағдай жасауымыз керек. Құлсары қаласындағы су басқан үйлерден күніне 1,7 тоннаға дейін тұрмыстық қалдықтар жиналады. Бүгін су басқан аулалардан коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері 10 тоннадан астам қоқыс пен тұрмыстық қатты қалдықтарды шығарды», - дейді Асқар Теміржан.

«Жылыой Тазалық» ЖШС-нің учаске басшысының дерегіне сүйенсек, күн сайын 5 бригада қоқыс жинауға жұмылдырылады. Бригадалар таңертеңгі сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Еске сала кетелік, бұған дейін Құлсарыдағы су тасқынынан кейін апатты жағдайда тұрған 756 үй анықталғанын хабарлаған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар