Су тасқыны: «eGov mobile» арқылы шығын өтінішін беруге болады

эфир
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Су тасқыны салдарынан келген шығындарды өтеуге «eGov mobile» мобильді қосымшасы арқылы өтініш беруге болады. Толығырақ Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми өкілі Альбина Әтен айтып берді.

«Министрлік «eGov mobile» мобильді қосымшасында су тасқыны салдарынан келтірілген материалдық шығынды өтеу туралы өтініштерді қабылдауға арналған сервисті іске қосты», - деді Альбина Әтен ОКҚ-де өткен брифингіде. 

Министрлік өкілінің айтуынша, өтініштерді қабылдау қызметі су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысы, Қостанай облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы және Солтүстік Қазақстан облысының барлық азаматына қолжетімді. 

«eGov mobile» мобильді қосымшасындағы қызметті Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлесіп әзірлеген. 


Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанға автономды дрондар жеткізілді, ертеңнен бастап олардың көмегімен су басқан өңірлерге азық-түлік басқа да қажетті заттар жіберілмек

Соңғы жаңалықтар