Тасыған су батыстағы тағы бір республикалық тасжолды шайып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында тасыған су республикалық тасжолды шайып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» мәліметі бойынша оқиға 1 сәуір күні сағат 17.30-да Самара-Шымкент жолының 479-шақырымында Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылы тұсында болды.

Күрт еріген қар суы автожолдан асып кеткен.


Атамыш мекеме күшімен су тасқынына қарсы күрес шаралары жүргізілді. «Автожол жиегінің бойына құм салынған қаптар мен ескерту белгілері қойылды.

Тиісті техникалар тартылып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды. 2 сәуірде таңғы сағат 05.00-де су тасқыны тоқтады, осы тұстағы құбыр 60 пайызға жұмыс істеп тұр. Жағдай бақылауда. Республикалық маңызы бар Самара-Шымкент тас жолы ашық», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, қазіргі кезде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді. Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ.

Бұған дейін хабарланғандай, Ақтөбе облысында тасыған су республикалық маңызы бар жолды жырып кеткен болатын.



Соңғы жаңалықтар