Татарстан «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу үшін технологиялық әлеуетін мейлінше пайдалануға дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - Татарстан Республикасы «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу үшін технологиялық әлеуетін мейлінше пайдалануға дайын. Бұл туралы «ЭКСПО-2017» Комиссары Рәпіл Жошыбаевтың Ресей Федерациясы өңірлеріне сапары аясында Татарстан Республикасындағы кездесулерінде мәлім болды.
None
None

Қазан қаласында Комиссар Р. Жошыбаев Татарстан Президенті аппаратының басшысы Асгат Сафаровпен, Татарстан Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі Радик Гиматдиновпен, Татарстан президентінің Kazan Expo World Skills Arena» жобасы бойынша көмекшісі Роберт Миннегалиевпен және Туризм жөніндегі мемлекеттік комитет төрағасы Сергей Ивановпен кездесті.

А. Сафаровпен кездесу барысында тараптар екі ел аарсындағы экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық туралы әңгіме өрбітті. Р. Жошыбаев «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізу және оған халықаралық қатысушыларды тарту бойынша атқарылып жатқан шаралар туралы айтып берді. Өз кезегінде Татарстан Президенті аппаратының басшысы Қазақстан 2017 жылғы ауқымды көрмені табысты өтуіне толық мүмкіндікке ие екенін айтты. «Татарстанның ғылыми-инновациялық және технологиялық әлеуеті «ЭКСПО-2017» көрмесіне республиканың ірі компаниялары мен ғылыми-технологиялық орталықтарының қатысуын қамтамасыз ете алады», - деді А. Сафаров.

Бұдан бөлек, кездесу барысында «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу мәселелері бойынша Қазақстан мен Татарстанның профильді мемлекеттік органдарының өзара әрекеттестігі, экономиканың энергетика, құрылыс, технологиялық секторларында, соның ішінде балама энергетика бойынша   жұмыс істейтін корпоративтік қатысушыларды тарту талқыланды.

Сонымен қатар, Р. Жошыбаев кездесулер барысында Қазақстандағы туризмді дамыту бағытында қабылданып жатқан шараларға кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, «ЭКСПО-2017» осы саланы дамытудың «локомотиві» болып табылады.

Сапар қорытындысы бойынша тараптар көрмені өткізуді қоса алғанда туризм саласында екіжақты қарым-қатынасты белсенді дамыту туралы уағдаласты.  Татарстан тарапы «ЭКСПО-2017» Комиссарының елордада халықаралық көрмені өткізу барысында Астана мен Қазан арасындағы авиақатынастарды арттыру туралы бастамасына қолдау білдірді.

null  

Соңғы жаңалықтар