Татарстан президенті Біржан-Сара айтысының электрондық нұсқасын Талдықорғанға жеткізді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Талдықорғанның Тіл сарайында Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов Алматы облысының Татар этно-мәдени орталығы өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

null
Кездесу барысында қазақстандық татарлар мәртебелі мейманға өңірде татар тілі мен мәдениетін дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жайында айтып, реті келгенде көкейдегі сауалдарын да қойды. Солардың бірі - қазақ халықының дүл-дүл ақындары Біржан сал мен ақын Сара айтысының Татарстан архивіндегі нұсқасын алу туралы еді. Мәселені Татарстан президенті сол жерде шешіп, Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың қолына архивте сақтаулы тұрған айтыстың электрондық нұсқасы мен кітабын тапсырды. Көпшілік тарапынан қойылған ұсыныстың тағы бірі - Қазанның бір көшесіне Жетісу атауын, сондай-ақ облыс орталығы Талдықорған қаласының бір көшесіне Қазан атауын беру туралы  болған. Бұл жайтқа байланысты Татар басшысы да өз ойын білдірді.
null null 

«Астана мен Қазан арасында осындай достық пейілдегі ынтымақтастық бар. Бұл өте жақсы бастама біз Оны енді Алматы облысымен де жалғастыруға ниеттіміз. Ақылдасып, мән-жайды талқылап алайық. Сіздің ұсынысыңыз міндетті түрде қолдау табатын болады»,-  деп жауап берді.
null 

Айта кетелік, кеше кешкісін  Талдықорғанға келген Татарстан президенті бүгін таңмен Алматы облысы әкімімен ресми кездесу өткізіп, ынтымақтастық мәселелерін талқылаған болатын. Ал бұл жиынға дейін өңірде атқарылып жатқан үлкен жобалар туралы арнайы көрмені тамашалады. Талдықорған қаласында атқарлып жатқан жұмыстармен танысты. Татарстан республикасының Президенті Рустам Миннихановтың Жетісу жеріндегі іс сапары «Қорғас» ШЫХО жалғасады.

Соңғы жаңалықтар
telegram