Тау-кен металлургия кешенінің салалық коэффициентін 1,8-ге көтеру керек - Тау-кен металлургия қауымдастығы

Бүгін Астанада өтіп жатқан Тау-кен металлургия кешені қызметкерлерінің ІІІ съезі барысында Кен өнеркәсібі және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец осылай мәлім етті.
«Биылғы жылы бірқатар компаниялар тау-кен өнеркәсібі саласындағы жұмысшылардың еңбекақыларын айтарлықтай көтерді. ENRC кәсіпорындар тобында жалақы мөлшері 20 пайызға, «Қазақмыста» - 47, «Қазмырышта» - 15 пайызға артса, «Арселор Миттал» әзірше 3,7 пайызға көтеріп отыр. Осыған орай, айта кетерлігі, салалық үшжақты комиссия шеңберінде салалық коэффициентті 1,8-ге дейін көтеру туралы шешім қабылдау қажет. Бұл аса маңызды», - деді Н.Радостовец.
Сонымен қатар, қауымдастық төрағасы бірқатар кәсіпорындарды ереуіл жағдайына дейін әкеп соқтырғандықтан, кәсіподақтарды ойланбастан әрекет етуден сақтану керектігін ескертіп өтті. Оның айтуынша, тау-кен металлургия кешенінде жалақыны көтеру бойынша жұмыс берушілердің мүмкіндігі шектеулі. «Бұл өнімді сатудың төмендеп кетуімен байланысты болып отыр», - дейді Н.Радостовец.