Тау-кен металлургия саласында зиянды жағдайда еңбек ететін жұмысшылар үшін коэффицентті арттыруды көздейтін үшжақты келісім жасалды

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Астанада ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығы мен тау-кен металлургия өнеркәсібі жұмысшыларының кәсіподағы зиынды жағдайда жұмыс істейтін жұмысшылар үшін салалық коэффициентті көтеруді қарастыратын үшжақты келісімге қол қойды.
None
None

 Аталған шара кеше Астанада өткен Тау-кен металлургия кешені жұмыскерлерінің ІІІ съезі барысында мәлім болды.

Құжат бойынша, тау-кен металлургиялық кешені жұмысшылары үшін салалық коэффициентті 1,8-ге дейін көтеру қарастырылады. Мамандардың айтуынша, аталған келісім Үкіметінің қаулысына негіз бола алады. Тоқтала кететін жайт, Қазақстан тау-кен металлургиялық өнеркәсіп жұмысшылары кәсіподағының төрағасы Асылбек Нұрәлинның айтуынша, бүгін саладағы жұмысшылардың, оның ішінде денсаулыққа зиянды жағдаймен еңбек ететін жұмысшылардың жалақысы өз деңгейіне сай емес. ал мынадай қадам сондай олқылықтың орнын толтыруға сеп болмақ.

Соңғы жаңалықтар