Тау-кен орнында жүк көлігін тізгіндеген әйелдер

әйелдер
Фото: Kazinform

Ақмола облысындағы таулы елді мекендерінің тұрғындары тау-кен саласында табысты еңбек етіп жүр. Степногорск қаласынан көпбалалы ана Айгүл Жұматаева, Заводской ауылының тұрғыны Ольга Ганске, балаларды өзі тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар Екатерина Бондаренко мен Магира Небусова, Бөгенбай ауылынан көлік жүргізушісі Анастасия Терхоева тракторшыдан ауыр жүк көлігінің жүргізушісіне дейінгі қызмет түрлерін абыроймен атқарып келеді.

Бала тәрбиесі мен жүк көлігінің жүргізушісі мамандығын қатар алып жүруге болады. Мұны степногорлық Айгүл Жұматаева дәлелдеп отыр. Айгүл аспазшы, технология мамандығы бойынша білім алған, бірақ бұл бағытта жұмыс істемеген. Ауыр көліктерді жүргізу дағдыларын меңгергенге дейін ол жергілікті зауытта сұрыптаушы болған. Жұмыс берушінің есебінен оқу және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы біліп, ол осы жұмысты істеуге өтініш берген. Бүгінде тракторшы мамандығын оқыды, ал мамыр айында 35 тонналық жүк көліктерін жүргізуге мүмкіндік беретін «С» санатын алады. 

Жүк көлігін тізгіндеген
Фото: Kazinform

«Менің күйеуім де жүргізуші, ол маған көлік жүргізуді үйретті. Бастапқыда менің ауыр жүк көлігінің жүргізушісі болатыныма күмәндана қарады. Қазір,күйеуім де, балаларым да мені қолдайды. Көңіліңіз шын қаласа, баланы да тәрбиелеп, өзіңізге ұнайтын істі де қатар алып жүруге болады», - дейді ол. 

Жүк көлігін тізгіндеген әйелдер
Фото: Kazinform

Анастасия Терхоева да ауыр жүк көлігін жүргізуді бала күнінен армандағанын айтады. 

«Бала күнімнен көлікті жақсы көремін. 12 жасымнан бастап рөлге отырдым. Таңдауыма ешкім таңғалған жоқ. Трактор – менің сүйікті көлігім. Үнемі әйелдерге ер адамдардың кәсібін меңгеруден қорықпаңдар деп айтып жүрмін. Бүгінде жеті жасар ұлым баршаға анасының самосвал жүргізушісі екенін мақтанышпен айтады», - дейді Анастасия. 

Бүгінде ол 40 тонналық жүк көлігі мен шахтаның өндірістік жолдарындағы шаңды басатын су сепкішті басқарады. Анастасия көлікті сезіну керек деп есептейді. 

«Бастапқыда самосвалдың тайғақ жолда өзін қалай ұстайтынын білмедім. Мұнда өлшемдерді барлау маңызды, біз бұл үшін үнемі жаттығулардан өтеміз. Әркімнің өз жүргізу стилі бар. Негізі самосвал өте ыңғайлы басқарылатын көлік. Айтпақшы, карьердегі жол төсемінің өзіндік ерекшеліктері бар, өте мұқият болу керек. Сол жолмен келе жатқанда күрт тежеу ​​кезінде абай болған жөн», - дейді ол.  

Жүк көлігін тізгіндеген әйелдер
Фото: Kazinform

Келесі кейіпкеріміз Ольга Ганске бұрын қоймашы болып жұмыс істеген. Ауыр жүк көліктерінің жүргізуші әйелдеріне арналған жарнаманы көріп, бейтаныс мамандықты игеруге бел буыпты. Үлкен CAT самосвалына алғаш отырғанда қатты қобалжығанын айтады. Бірақ Ольга бұл кәсіпті игеруге табанды түрде бел буып, жүргізуші кабинасында өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінген. 

«Техникамен дос болып кеттім. Ең бастысы, қауіпсіздік ережелерін сақтау және көліктің өлшемдерін сезіну керек. Әйел ауыр техниканы қауіпсіз жүргізуде және сауатты пайдалануда ерлерден кем түспейді», - деді Ольга. 

Жүк көлігін тізгіндеген әйелдер
Фото: Kazinform

Олардың жоғары білімі болмаса да, жұмыс істеуге, сүйікті ісімен айналысуға деген құлшынысы зор болған. Қыздар алтын өндіруші «Алтыналмас» кәсіпорнындағы бос жұмыс орындарына өтініш берген. Кәсіпорын оларды жұмысқа алып қана қоймай, оқу және тағылымдамадан өткізу міндеттерін де мойнына алды. Компания әйелдерге бұрын дәстүрлі ерлер кәсібі саналатын жаңа кәсіпті игеруге мүмкіндік беретін «Women in Mining» бағдарламасын жүзеге асыруда. Жобаның алғашқы қарлығаштары нәзікжанды әйелдердің көп нәрсеге қабілетті екенін көрсетті. Олар үшін бүгінде ешқандай кедергі жоқ. 

Соңғы жаңалықтар