Тау шаңғысы туризмінің кірісі жағажай туризмінен 5 есе жоғары

АЛМАТЫ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 2010 жылдың желтоқсанында іске қосылған «Медеу-Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты жобасының жалпы құны 30,8 млрд. теңгені құрайды.
None
None

Оның қаржыландыру көздері «Қазкоммерцбанк» (15 млрд.) пен «Қазақстан даму банкі» (15,8 млрд.)  АҚ болды. 200 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз еткен бұл жоба республикадағы туризмнің  дамуына тың серпін берді. Оның аясында Медеу мен Шымбұлақтың арасында сағатына 2 мың адамды тасымалдауға мүмкіндігі бар 4572 метрлік  аспалы жол салынды. Онда жолаушылар 8 және 4 орындық 114 кабинамен 6 м/с. жылдамдықпен 14 минутта діттеген жеріне жете алады.  Әлемдегі жетекші тау шаңғысы курорттары арасында 2010 жылы Шымбұлақ сырғанау маусымының ұзақтығы мен жылдық орташа қары (9 метр) және әуежайдан курортқа дейінгі жол уақыты бойынша (40 минут)  1-ші, базалық биіктік өлшемі бойынша (3-ші, биіктіктің жоғары өлшемі бойынша) 5-ші, трассасының ұзындығы (30 км) және трассадан өткізу мүмкіндігі жағынан (6 мың адам) 11-ші орын алады.

Тау шаңғысы туризмі бүгінгі таңда Алматы қаласындағы туризмнің басым 4 бағытының бірі болып отыр. Жалпы тау шаңғысы туризмінде туристер күніне орта есеппен 250 доллар  жұмсайды екен. Бұл көрсеткіш жағажай туризмінде 50 доллар ғана. Тау шаңғысы туризмі кірісінің үлесі  жалпы ішкі өнімде алдыңғы жылы  Австрияда 8 пайыз, Швейцарияда 7 пайызға жуық, Франция мен Канадада 2 пайызға жуық, Италияда 1 пайызды құрады.

Соңғы жаңалықтар