13:21, 15 Ақпан 2011 | GMT +5
Тауар нарығы биыл қор нарығының локомативі болады - "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ
АЛМАТЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазір инвесторлар белгілі бір тәуекелге баруға дайын. Бұл туралы бүгін Алматыда "RESMI" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ-ның 2010 жылғы қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында айтылды.
"2011-ді мен коммунитез немесе тауар нарығы жылы деп қарастырам. Өндіру өнеркәсібі өседі. Ол биыл қор нарығының локомативі болады. Яғни, артында нақты активтер өндіріс пен тауарлар", дейді RESMI" Инвестициялық қаржы үйі" АҚ-ның Трейдинг департаментінің директоры Аманат Искаков. Оның пайымдауынша, қоржынды бәрі нөлде ұстауға тырысқан уақыт қазір өтті. Енді инвесторлар үлестік қағаздарды иелену арқылы өсуге дайын. Қазір аумалы-төкпелі кезең. Өтімділік таяқтың екі ұшы сияқты. Өтімділіктің жоғары деңгейі инфляцияны тудырады. Бұл облигациялардың кірістілігіне ықпал етеді.