Тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағымен «Болашақ» стипендиаттарын еңбекке орналастыру жөнінде уағдастыққа қол жеткізілді

АСТАНА. Қаңтардың 23-і. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы кеңесінің төрағасы Бауыржан Байбек пен Қазақстан тауар өндірушілері мен экспорттаушылары одағының президенті Николай Радостовец өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Стипендиаттар қауымдастығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар «Болашақ» қауымдастығының және тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағы қызметтерінің негізгі бағыттарына қатысты мәселелер бойынша тәжірибе алмасып отыруға уағдаласты. Тауар өндірушілер мен экспорттаушылар одағымен «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді. «Меморандум ауқымындағы ынтымақтастық тараптардың мақсаттарына қол жеткізуде бірлесе отырып шешімдер табуға, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттерді мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Б.Байбек.
Соңғы жаңалықтар