Тауар сапасына мән беретін кез жетті - Қызылорда

ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 26-сы. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылордадағы «Номад Палас» қонақүйінде семинар болып өтті. Оны ҚР Ин­дустрия және жаңа техно­ло­гиялар министрлігі техни­калық реттеу және метрология коми­теті ұйым­дас­тырды.
None
None

Техни­калық реттеу жүйесі саласында мемлекеттік сая­сатты насихат­тауды жүзеге асыру мен кеден­дік одақ жүйесін одан әрі да­мыту мақсатында ҚР Президен­тінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурсына дайын­дық барысы пысықталған семинарды облыс әкімінің кеңесшісі Ержан Уәйіс ашып, кәсіпкерлерге сәттілік тіледі.

- Бүгінгі семинардың отан­дық кәсіпкерлер үшін маңыз­дылығы ерекше екенін айтқым келеді. Мен сіздерге облыс әкімінің құттықтауын, ыстық сәлемін жеткіземін. Биылғы жылы да «Алтын сапаның» иесі өңірімізден шығады деп сенеміз, - деді ол.

Семинар барысында рес­публикалық «Қазақстан ме­тро­логия институтының» РМК ди­рек­торы Василий Ми­халченко, Метрология және сәйкестілікті бағалау комитеті техникалық реттеу басқармасының бастығы Ғалия Мейірбаева баяндама жасады. Өз кезегінде сөз алған «Қазақстан Стандарттау және сертификаттау институты» РМК Қызылорда облысы бо­йынша өкілдік басшысы Гүлназ Шарапат экономи­калық сала­лардың бәсекеге қабілеттілігін дамыту­дағы стандарттаудың рөлі жайында ойларымен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар