Тауарды қазақ тілінде таңбаламау заңбұзушылық па

Қазақстандықтар егер тауарда, өнімде мемлекеттік тілде ақпарат берілмегенін анықтаса, шағым жасай алады, деп хабарлайды Kazinform. 

Тауарды қазақ тілінде таңбаламау заңбұзушылық па
Фото: Алина Төлеубаева/Kazinform

«Тұтынушы үшін тауардың сипаттамасы, ескерту және өндіруші мекеменің атауы қазақ тілінде көрсетілмесе, бұл –заң бұзушылық. Осы орайда тұтынушы өз құқығын қорғау үшін біздің өңірлік департаменттерге жүгінуге құқылы» - деді ҚР Сауда және интеграция министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ комитет басшысы мемлекеттік тіл талабының бұзылуы бойынша мысал келтірді.

«Sinooil» ЖШС Атырау филиалы 1 035,0 мың теңге сомасына әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жанар-жағармай бекетінде мемлекеттік тілде ақпарат болмаған», - дейді ол.

Бұған дейін Қуаныш Елікбаев елімізде зергерлік бұйымдардың дені сынамасыз сатылатыны туралы хабарлаған еді. 

Соңғы жаңалықтар