Тауарлардың ұлттық каталогі не үшін керек

АСТАНА. KAZINFORM — Үкімет басшысы Олжас Бектенов тауарларды өндірудің барлық процесін бақылайтын ұлттық каталог енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды.

Продукты питания рынок  Азық-түлік нарық
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

— Мемлекет басшысы экономиканың барлық саласын цифрлық трансформациялау міндетін қойды. Көріп отырғанымыздай, сауда саласында жүйелі жұмыс жүріп жатыр. Тауарларды толық қадағалау және сәйкестендіру аясында тауарлардың ұлттық каталогі енгізіліп жатыр. Бұл тауарларды өндіруден немесе әкелуден бастап, көтерме және бөлшек саудада өткізуге дейінгі барлық кезеңді жіктеудің негізі, — деді Олжас Бектенов Үкімет отырысында.

Премьер-министрдің айтуынша, «Астана-1» және «Электрондық шот-фактуралар» ақпараттық жүйесінің қызметі интеграцияланды. 

— Алайда, тауарларды цифрлық қадағалаудың қолданыстағы жүйесі өнімдердің шектеулі санатын ғана қамтиды және әр жерде бөлек-бөлек орналасқан анықтама мен дерек форматына сүйенеді. Осыған байланысты қаржы және сауда министрлігі басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, тауарлардың ұлттық каталогін барлық салада енгізу жұмыстарын күшейту қажет. Бизнесті осыған белсенді түрде атсалысуға шақырамын, — дейді ол.

Бұған дейін Олжас Бектенов тауарды таңбалаудың маңыздылығын кәсіпкерлерге түсіндіру жұмысы жүргізілмей жатқанын айтқан еді. 

Соңғы жаңалықтар