Тауарлық газдың көтерме бағасы бекітілді
АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика министрінің бұйрығымен елімізде тауарлық газдың көтерме шекті бағасы бекітілді.

— Газ бағасын қалыптастыру мәселесінің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, кезең-кезеңмен жүзеге асатын механизм таңдалды. Маңызды ескерту — бұл тек көтерме бағаларға қатысты. Халық үшін түпкілікті бөлшек тарифтер заңнамаға сәйкес жеке қалыптасады және уәкілетті органдармен барлық шығын компоненттерін ескере отырып бекітіледі. Сонымен қатар, әлеуметтік осал топтарды қорғауға ерекше назар аударылады. Қосымша шығындарды өтеу үшін «Әлеуметтік әмиян» механизмі және басқа да мемлекеттік қолдау құралдары қолданылады. Мемлекеттік қолдау шаралары аясында кейбір тұтынушылар санаты үшін тауарлық газға 24 пайызға дейін жеңілдік қарастырылған. Бұл шара әлеуметтік әлсіз топтардың энергия ресурстарына тұрақты қолжетімділігін қамтамасыз етіп, олардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған, — деп атап өтеді ведомстводан.
Сонымен, құжатқа сәйкес, тауарлық газдың шекті бағасы 2025 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың 30 маусымына дейін өңірлерде қосылған құн салығын есепке алмағанда 1 мың текше метрі үшін ірі коммерциялық тұтынушылар мен майнерлерге мынадай болады:
Астана және Ақмола облысы — 72 846 теңге;
Алматы және Алматы облысы — 76 686 теңге;
Шымкент — 71 122 теңге;
Ақтөбе облысы — 54 933 теңге;
Атырау облысы — 41 993 теңге;
Батыс Қазақстан облысы — 55 365 теңге
Жамбыл облысы 70 639 теңге;
Жетісу облысы — 76 686 теңге;
Қарағанды облысы — 72 846 теңге;
Қостанай облысы — 62 951 теңге;
Қызылорда облысы — 59 179 теңге;
Маңғыстау облысы — 57 649 теңге;
Түркістан облысы — 71 122 теңге;
Ұлытау облысы — 72 846 теңге;
Шығыс Қазақстан облысы — 13 069 теңге.
Ішкі нарықтағы тауарлық газдың көтерме шекті бағасы 2025 жылдың 1 шілдесінен 2026 жылдың 30 маусымына дейін өңірлерде қосылған құн салығын есепке алмағанда 1 мың текше метрі үшін мынадай болады:
Астана және Ақмола облысы — 39 979 теңге;
Алматы және Алматы облысы — 39 044 теңге;
Шымкент — 38 349 теңге;
Ақтөбе облысы — 17 854 теңге;
Атырау облысы — 20 308 теңге;
Батыс Қазақстан облысы — 19 166 теңге
Жамбыл облысы 37 414 теңге;
Жетісу облысы — 39 044 теңге;
Қарағанды облысы — 39 979 теңге;
Қостанай облысы — 33 379 теңге;
Қызылорда облысы — 18 204 теңге;
Маңғыстау облысы — 26 993 теңге;
Түркістан облысы — 38 349 теңге;
Ұлытау облысы — 39 979 теңге;
Шығыс Қазақстан облысы — 7 563 теңге.
Бұған дейін Қазақстанның солтүстігін газдандыру мәселесі қалай шешіліп жатқанын жазған едік.