Таудан тюбингпен сырғанаған кезде қандай сақтық шараларын сақтаған жөн
ӨСКЕМЕН. KAZINFORM — Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары таудан стюбпен (тюбинг) сырғанаған кезде қандай қауіпсіздік шараларын сақтау керектігін түсіндіріп берді.
Тюбингпен сырғанау қызық қана емес, аса қауіпті. Ал егер қар көшкіні қаупі бар аймаққа барсаңыз жағдай одан сайын ушыға түседі.
Осы ретте ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қауіпсіздік шараларын ескертті:
— Сырғанауға тек арнайы жабдықталған және көшкін қаупі жоқ орындарды таңдаңыз;
— Стюбпен сырғанаған кезде трамплиндерден сақ болыңыз. Мұзды немесе қарсыз жерлерге түсуге болмайды;
— Тік тұрып немесе тізерлеп отырып сырғанамаңыз. Сондай-ақ қозғалыс кезінде тюбингтен секіріп кетпеңіз;
— Тюбингті қаршанаға, автокөлікке және басқа да көлік құралдарына байламаңыз;
— Стюбті шамадан тыс жүктеуге болмайды. Егер ол бір адамға арналған болса, онда оған екі адам отырмас керек;
— Ешқандай жағдайда тюбингтерді бір-біріне байламаңыз;
— Сырғанауды балалар жақсы көргендіктен ата-аналар аса мұқият болуға тиіс.
Балаларға сырғанақта қалай жүру қажеттігін түсіндіріп, жарақат алмас үшін оларды жалғыз жібермеу керек.