Тәуелсіз қазақ елінде өмір сүріп, еңбек ету - біз үшін бақыт, С.Погодин, БҚО

АЛ. 16 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Тәуелсіз қазақ елінде өмір сүріп, еңбек ету - біз үшін орасан зор бақыт.
None
None

Бұл туралы Қазақстан халқы облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, орыс мәдениеті орталығының жетекшісі, Оралдағы №1 музыка мектебінің директоры Сергей Погодин былайша әңгімелеп берді.

-Жалпы, Погодиндер әулетінің Жайық өнірінде өмір сүріп келе жатқанына ғасырдан астам уақыт өтті, дейді ол. Рас, осы кезеңнің ішінде елмен бірге талай қиын жылдарды бастан өткердік. Бірақ барлық сыннан ойдағыдай өттік десем, артық емес. Қазіргі өрелі өмірімізді қамтамасыз етіп отырған мемлекетімді орынды түрде мақтан етемін. Тұрмысымыз жақсы, көңіліміз тыныш, өміріміз қалыпты. Бұл үшін Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевқа және қазақ халқына ризамыз.

Бірден айтайын, күні бүгінге дейін Ресейдің Үкімет басшысы В.Путин бұрынғы Кеңес Одағының күй­реуін «үлкен геосаяси апат» деп бағалап жүр. Бұл пайымдауды жақтаудан да, даттаудан да аулақпын. Алайда осындай көзқарасты ұстанған жандар аз емес. Айтарым: сол кезде біз қаласақ та, қаламасақ та, алып мемлекеттің іштей ыдырауы болмай қоймайтын үдерім еді. Сондықтан күні өткен одақты емес, сол елді мекендеген халықтардың ынтымағы мен татулығын сақтап қалу керек еді. Міне, осы мақсат жолында Елбасымыз Н.Назарбаев аянбай еңбек етті. Еңбегі нәтижесіз болған жоқ. Кеңес Одағы құ­ласа да, орнында жаңа құ­рылым - ТМД қалды. Сөйтіп, тү­ге­лі­мен алғанда еуразиялық ке­ңіс­тік пен ұлттар арасындағы ғасырлар бойы жинақталған оңды тәжірибені сақтап қалуға мүмкіндік туды.

Тәуелсіздік жылдарының Қа­зақстанға бергені ұшан-теңіз. Біріншіден, оның тәуелсіздігі мен жерінің аумағын, мемлекеттік шекараларын бүкіл әлем және БҰҰ мойындады. Екіншіден, Елбасымыз Н.Назарбаевтың бастамасымен еліміздің ядро­лық қарудан өз еркімен бас тартуы оның бейбітшіл, азат және демократиялық мемлекет екенін іс жүзінде дәлелдеді. Осыдан туындайтын үшінші салдар: Қазақстан Республикасы -ТМД, Шанхай ынтымақтастығы, ЕҚЫҰ сынды беделді халық­аралық ұйымдардың белді мүшесі. Былтыр ЕҚЫҰ-ға жетекшілік етсе, биыл мұсылман мемлекеттерінің басын қосқан Ислам конференциясы сияқты беделді халықаралық ұйымның төрағасы болып табылады.

Көпке мәлім, Қазақстан тә­уел­­сіздігін алғаннан соң, елі­міз­дегі барлық ұлт өкілі абыр­жып қалды. Оның үстіне Таулы Қарабах пен Днестр өңірі бо­йын­да­ғы текетірес те олардың кө­ңіліне игі әсер еткен жоқ. Міне, осындай күрделі шақта Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ты­ғырықтан шығар жол тапты. Бірінші басшымыздың бастамасы және тікелей араласуымен Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Атал­ған Ассамблея уақыт өте келе, ұлы Отанымыздың түр­лі ұлт диа­спо­ра­ла­рын Ел­ба­сы­­мыз Н.Назарбаев пен мем­ле­кет­құ­рау­шы этностың төңірегіне топтастырды. Яғни, мемлекетіміздегі ұлтаралық татулық пен дінаралық келісімнің се­німді ке­пілдігінің біріне айналды. Мә­селен, Ассамблеяның мем­ле­кет­ке оң ықпалының нә­ти­же­сінде бүкіл мұсылмандар үшін қасиетті мереке - Құрбан айттың бір күні демалыс ретінде жарияланды. Православ христандары үшін Рождествоның демалыс күні ретінде берілуі осы дінді ұстанушылар тарапынан зор қолдау тапты. Қазір елімізде исламның Әбу Ханифа мазхабы мен христиандықтың православие тармағының тарихи мәні мен қоғамдағы рухани орны мойындалып отыр. Әри­не, өзге діндер де кемсітіл­ген жоқ, кемсітілмейді де. Оған дәлеліміз - әлемдік діндер көш­бас­шы­ла­ры­ның Астана қа­ласында екі жыл сайын бас қосуы.

Әрине, тәуелсіздіктің өзім мен отбасыма бергенін айтпай кетуге болмайды. Біріншіден, осы жылдары еркін ойлап, бойымдағы бар мүмкіндігім мен қабілетімді сарқа пайдалануыма кеңінен жол ашылды. Нәтижесінде талай көздеген мақсатыма жеттім. Соның ішінде шығармашылық тұрғыдан да. Екіншіден, ертеңгі күніме сенімім нық, ата-ба­ба­ла­рым­ның кіндік қаны тамған жер - Орал қа­ла­сын­да бақуатты өмір сүріп жатқан жәйім бар. Үшіншіден, ұлым Сергей мен қызым Елизавета өмірден орындарын тапты. Ұлым - Израильдан, қызым Үндістанның астанасы - Дели қаласынан. Бұ­рын шетелде орналасу былай тұрсын, талай адам оған бару жөнінде армандаудан да алшақ еді ғой. Адамзат даналығының мәңгілік ескерткіші, үш әлемдік діннің тоғысқан тұсы-Әл-Құддыс(Иерусалим) қаласында өмір сүруші ұл-келінім, немерем және үнділік иога ілімін меңгеруші қыз-күйеуіммен жүйелі хабарласып тұрамын. Бұл да тәуелсіздіктің миуалы жемісі іспеттес.

«Сөз соңында айтарым, барымызды бағалай білейік, жамағат! Көп ұлт өкілдері татулықпен тұрып жатқан елімізде тыныштық пен келісімге жететін ештеңе жоқ. Отанымыз тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы құтты болып, Елбасымыз бастаған Қазақстанымыз қарыштап дами берсін», деп түйіндеді ойын С.Погодин

Соңғы жаңалықтар